Қазақстан Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Алексей Калайчиди құқық қорғау ведомствосында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қалпына келтіру жоспарланғанын хабарлады.
Алексей Калайчиди бұл басқарма өткен жылдың соңында бөлімше қызметкерлерімен байланысты бірнеше төтенше жағдайлардан кейін жойылғанын еске салды.
“Қазір біз жағдайды талдап, мемлекет басшысына хат дайындадық. Ол УБОП қалпына келтіру керек екенін қолдады. Бірақ, жеке қауіпсіздік бөлімшесіндегідей,әрбір қызметкерді мұқият таңдау үшін жинақтауды орталық кадрлық комиссия деңгейіне көшіру керек”, – деп атап өтті Калайчи
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Құқық қорғау ведомствосының басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бар екенін, бірақ ол криминалдық полиция құрылымының бөлімі деп айтты.