Халық санағы келесі жылға ауыстырылды, деп хабарлайды “Sputnik Қазақстан”.
Бұрын санақ жүргізу 2019 жылға жоспарланған болатын.
Бірқатар ұйымдастыру сәттерін ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті іс-шараны кейінге қалдырды.
Ведомствода санақ үшін күз және қыс ең оңтайлы екенін түсіндірді, өйткені бұл уақытта халық аз мобильді.
Комитет мамандарының пікірінше, ақпан-наурызда санақ жүргізу неғұрлым орынды болып табылады. Сондықтан келесі жылдың басында ел халқын санау шешімі қабылданды.
Бір жыл бұрын онлайн-есептегіші таныстырылған. Ол аула санағынан бас тартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, алдағы санаққа байланысты әкімдіктерге жыл бойы көше атауларын өзгертуден бас тарту ұсынылды.
Сурет: azattyq.org