Адамды биометриялық тану жүйесі халыққа қызмет көрсету орталығына бармай электрондық цифрлық қолтаңба алуға мүмкіндік береді.Бұл туралы цифрлық даму вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді.
“Электрондық үкімет порталында қызметтерді алу үшін ХҚКО – ға бармай, бет пен бір реттік паролді биометриялық тану арқылы ЭЦҚ беру тетігі жедел әзірленді”, – деді Оспанов.
Ол атап өткендей, бүгінгі таңда жеке тұлғалар үшін 85 мың және заңды тұлғалар үшін 1,5 мың электрондық цифрлық қолтаңба қашықтықтан берілді.
Ағымдағы аптада egov mobile мобильді қосымшасының көмегімен, әрі қарай барлық қажетті қызметтерге Қазақстанның электрондық үкімет сайтында қол қою арқылы ЭЦҚ беру бойынша жұмысты қашықтықтан бастау жоспарлануда.
Вице-министр қызметтерді алудың тағы бір тиімді тәсілі электрондық үкімет сайтының жеке кабинетіне байланған телефон нөміріне келетін бір реттік пароль көмегімен сұрау салуға қол қою болуы мүмкін екенін атап өтті.
Сурет: inbusiness.kz