Еліміздің астанасында этносаясат мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті, оның барысында қазақстандық этносаралық қатынастар департаментінің жұмысын кеңейту ұсынылды. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев қазіргі таңда этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ғылыми-талдау жұмысының тиімділігін арттыру маңызды екенін мәлімдеді. Сондықтан қазіргі уақытта этносаясат мәселелері бойынша жеке ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ, Жансейіт Түймебаев биылғы жылы Қазақстанда халық санағы өткізілетініне назар аударды. Осыған байланысты этнодемографиялық даму үрдістері мен болжамдары туралы зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындады.
Дөңгелек үстел барысында Ассамблея басшысының орынбасары ұлт істері жөніндегі жеке агенттік құру мәселесін де қозғады.
Бұл агенттікті құру туралы айта келе, Түймебаев қазір этносаралық қатынастарды дамыту департаментін кеңейтіп, оны этносаралық қатынастар жөніндегі комитетке айналдыру ұсынылғанын баса айтты.
Сурет: csppm-shans.ru