Қазақстанда төрт облыста электр энергиясын беруге шектеу алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Мәселе шешілді, абоненттерді қайта қосу жүріп жатыр. Шектеулер алынды. Мамандар себептерін анықтаумен айналысады”, – деді Қазақстан энергетика министрлігінің ресми өкілі Серікжан Ерментаев.
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында кешке Алматы қаласының тұрғындары электр энергиясын беруде іркіліске шағымдана бастады. Кейін шағымдар Алматы облысы бойынша түсе бастады.
Электр энергиясын беру бойынша шектеулер біздің еліміздің төрт облысында-Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан сияқты KEGOC АҚ ұлттық операторының 500 киловольт желілерінде өшірілуіне байланысты енгізілді.