Еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанынан экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттік құруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа агенттік құру туралы мәлімдеді.
Президент өткен жылы біздің республикада көлеңкелі экономика саласында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қылмыстық істер өте көп қозғалғанын атап өтті. Тоқаев барлығы 73 қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылғанын нақтылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық қылмыстарға қарсы күрес саласында оң динамиканы сақтау үшін тиісті агенттік құру қажетті екенін атап өтті.
“Бұл шешім қабылдаудың дербестігін арттырып, мүдделер қақтығысын болдырмайды”, – деп санайды Тоқаев.
Мемлекет басшысы жаңа агенттік ең қысқа мерзімде құрылуы тиіс екенін баса атап өтті.
Сурет: bukhglobal.com