Ортсайлауком мүшесі Константин Петров брифинг өткізіп, оның барысында Қазақстанда дауыстарды санау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат агенттігі.
Петров сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты 12 сағаттан аспауы керек екенін еске салды.
ОСК өкілі Парламенттің төменгі палатасына және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының алдын ала нәтижелері ертең, 11 қаңтарда белгілі болатынын атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 63,3%-ы қатысты.
Сайлаушылардың белсенді қатысуы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 75,5%. Алматыда ең аз, жалпы 30,3% ғана сайлаушылар дауыс берді.