Қазақстанда 2021 жылы 6,5 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланған, деп Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.
«Жыл соңына дейін Республикалық маңызы бар автожолдардың 90% — ын және жергілікті маңызы бар 76% — ын жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу, 6,5 мың км ақылы жолды енгізу және ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66% — ға жеткізу жоспарлануда», — деп Атамқұлов хабарлады.
Оның айтуынша, темір жол көлігімен транзитті 23,1 млн тоннаға дейін немесе 12% — ға арттыру, оның ішінде контейнерлер транзитін 1 млн ЖФЭ дейін жеткізу жоспарланған.
Ол енгізілетін шектеу шараларының салдары көлік саласындағы нақты көлем индексіне (НКИ) теріс әсер ететінін қосты.
«2021 жылдың қаңтар айында НКИ 82,6% құрады. Бұл ретте транзиттік контейнерлік тасымалдарда 81,4 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталуда, өсім 27% – ды құрады (2020 жылғы қаңтар-64,1 мың ЖФЭ). Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 0,28 млрд тоннаны немесе өткен жылдың ұқсас кезеңінің 93,4% — ын құрады», — деп Атамқұлов атап өтті.
Сурет: zakon.kz
 



