2018 жылдың қараша — желтоқсан айларында Қазақстанның ірі желілік жанар-жағар май станцияларында отын құны бір деңгейде сақталды. Алайда, жаңа жылдың қаңтарынан баға төмендей бастады.
Мысалы, АИ-92 жанармайы орта есеппен бес теңгеге азырақ сатыла бастады.
Басқаларына қарағанда бағаларын «Қазмұнайгаз» және » Royal Petrol» ЖМС көбірек төмендетті. Онда АИ-92 бір литрі 156 және 155 теңгенің орнына 149 теңгеден. Төрт теңгеден Sinooil және Helios жанар-жағар май құю бекеттері арзандатты . Олар бензинді 152 теңгеден сатады. Ал, «Газпром» ЖҚС-да 153 теңгеден жанармай құюға болады.
Дизель отынының да бағасы төмендеді, бірақ тек екі желіде: Helios бағасы 193 теңгеден 191 теңгеге, ал Royal Petrol — 191 теңгеден 188 теңгеге түсті.
Сулет: newtimes.kz




