Қазақстанның Статистика комитеті 2018 жылы азық-түлік бағасы, 2017 жылға қарағанда, орта есеппен 5,1% – ға өскенін хабарлады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоң май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольді сусындар қымбаттаған, ал жемістер мен көкөністер арзандаған.
Жарма бағасының өзгеруі – әртүрлі бағытта. 2018 жылғы желтоқсанда күріштің орташа бағасы бір килограммы үшін 318 теңгені құрады,ал 2017 жылдың желтоқсанында күріштің бір килограммы 291теңгеге түсті, қарақұмық бағасы,керісінше, 247 тенгеден 316 теңгеге көтерілді.
2018 жылдың желтоқсанында құмшекердің орташа бағасы 243 теңге, 2017 жылдың желтоқсанында бір килограммы 202 теңге болды.
Көкөністерден картоптың орташа бағасы 2018 жылдың желтоқсанында бір килограммы 86 теңге деңгейінде болды (2017 жылдың желтоқсанында 117 тенге), ақ қырыққабат -101 тенге (2017 жылдың желтоқсанында 78 тенге), пияз – 77 теңге (94 теңге), сәбіз – 98 теңге (116 теңге).
Сулет: 24.kz