Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев республикамызда ауа ластаушы заттардың шығарындылары үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Бұл туралы оның баспасөз қызметі.
Мырзағалиев Қазақстанда қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 10 есеге артатынын мәлімдеді.
Мұндай жаңашылдық Мәжіліс депутаттарына экологияны жақсартуды бақылаудың басты бағыттарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасы жаңа Экологиялық кодексінің таныстырылымында айтылды.
Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта табиғат пайдаланушылар эмиссия нормативтерін тұрақты бұзуда, себебі оларға қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылу санын төмендететін құрал-жабдықтарды сатып алудан гөрі айыппұл төлеу тиімді.
Осыған байланысты атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін арттыру шешілді. Министр егер табиғат пайдаланушы талапты қайтадан бұзса, онда айыппұл 10 есе емес, 20 есе мөлшерде салынатынын атап өтті.
Сурет: dront.ru