“АрселорМиттал Теміртау” АҚ цехтарының бірінде өрт шықты, деп Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Өрт 7 қазанда сағат 15.30 шамасында басталды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, № 3 листопрокат цехының алты клеткалы станы жанып кетті. Өрт 150 шаршы метр алаңға тарады. Өрт бірнеше сағаттан кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрт себебін арнайы комиссия анықтайды.
2018 жылдың қараша айында АМТ-да азот құбыры өртенді. Өрт салдарынан бес жұмысшы зардап шекті.
Қайта қалпына келтірілгеннен кейін бір ай өткен соң осы учаске қайтадан өртенді.