Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен республикамызда қаржы мониторингі агенттігі құрылды. Оны Жанат Элиманов басқарды, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Жаңа агенттіктің қызметі қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға қарсы күреске бағытталатын болады. Сондай-ақ оның міндеттеріне лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл кіреді. Сондай-ақ, ведомство қаржылық және экономикалық қылмыстарды анықтап, ашумен айналысатын болады.
Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің заңды мұрагері болып табылады. Жаңа мемлекеттік орган тікелей Президентке бағынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл агенттікті құру қажеттігі туралы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Республика басшысының айтуынша, бұл мемлекеттік орган экономикалық қылмыстарға қарсы күрес саласында оң динамиканы сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ шешімдер қабылдаудың дербестігін арттырады және мүдделер қақтығысын болдырмайды.
Сурет: ukrinform.ru