Қазақстан ғалымдарына зерттеу үшін Қытай вирусының шифры ажыратылған құрылымы ұсынылды. Бұл туралы республиканың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Оның айтуынша, енді Нұр-Сұлтан және Алматы зертханаларында қытайлық инфекцияны зерттеуге арналған отандық тест-жүйе құрылады.
Осы тест жүйесінің арқасында қазақстандық дәрігерлер қытайлық коронавирус белгілері бар науқастарға жедел диагноз қойып қана қоймай, растай алады.
Алайда, Жандарбек Бекшин атап өткендей, тест-жүйені құру өте қиын, сондықтан отандық мамандарға қажетті нәтижеге жету үшін бір жарым ай қажет.
Сонымен қатар, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қытайлық инфекция 20%-ға Таяу Шығыс респираторлық синдромы вирусына ұқсайды, одан 700-ден астам адам қаза тапқанын айтты.
Сурет: expect.kz