Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 9 триллион 377,6 миллиард теңгеге жетті.
“2019 жылғы 1 қаңтарға қарағанда салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 9 377,6 млрд теңгені құрады,ол 2018 жылы 1 596,9 млрд теңгеге (20,5%) көбейді “, – делінген еліміздің бас қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі хабарламасында.
2018 жылы зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен “таза” табыс 917,1 млрд теңгеге артып, 3,692 трлн теңгені құрады.
2019 жылдың 1 қаңтарына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,9 млн. шотты құрады. 2018 жылы зейнетақы төлемдерінің сомасы, ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 168,6 млрд теңгені құрады.
Негізінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры,барлық зейнетақы активтерінің 42% Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына салады Екінші салым – Қазақстан эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына салынған салымдар –29%.
Фото: kaztag kz