Қазақстан тарапы Қытаймен шекарада орналасқан Көлжат, Бақты және Майқапшағай өткізу бекеттеріндегі барлық шектеулерді алып тастады. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде автокөлік өткізу пункттерін уақытша жабу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-1-тармақ алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасын дипломатиялық арналар арқылы хабардар етсін”, – делінген Үкімет қаулысында.
Шығарылған пункттің редакциясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, Көлжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) шекаралық пункттерінде коронавируспен жағдай жақсарғанға дейін адамдарды, жүктерді және көлік құралдарын өткізу шектелетінін жариялады. Бұған инвестициялық келісім-шарттар, мемлекеттік тапсырыс және гуманитарлық көмек шеңберінде тасымалданатын дәрі-дәрмектерді, азық-түлік өнімдерін тасымалдаушылар да жатпайды.
Сурет: kaztag.kz