Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінде біздің елімізге Қытайдан кейбір жемістер жеткізілмейтіндігін хабарлады. Бұл туралы tengrinews.kz ақпарат агенттігі жазады.
Сөз Қытайдан сүйекті, шекілдеуік және цитрусты жеміс дақылдарын әкелуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы болып отыр. Мұндай шешімді агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті қабылдады.
Министрлікте атап өткендей, Қытайдан әкелінетін өнімдерде халықаралық бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды бұзатын, карантиндік нысандар анықталған.
Осыған байланысты Қазақстан мемлекеттік инспекция комитетінің агроөнеркәсіп кешені Қытайдың бас кеден басқармасына анықталған бұзушылықтар туралы айтылған нотификация жолдады.
Өз кезегінде Қытай карантиндік қызметі Қазақстан ведомствосының ресми хабарламасын қарастырып, тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша кейбір жеміс-жидек бақшалары қажетті алдын алу шараларын жүзеге асырмауына байланысты бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.
Сурет: kaztag.info