Алматылық фермерлер Қытай аумағына жүгерінің экспорттық жеткізілімін бастады. Бірінші партия 32 контейнерлік вагонды құрады. Жеткізудің жалпы салмағы бір мың тоннадан асады.
Алматы облысында жүгері өсірумен 5 мыңға жуық шаруа қожалығы айналысады. Ағымдағы жылы бұл дақылдың жалпы егістік көлемі 80 мың гектарды құрап, 550 мың тоннадан астам жиналды. Бұрын Қазақстан жүгеріні тек Орталық Азия елдеріне экспорттаған, енді мемлекет жеткізу аумағын кеңейтпек.
“Жүгеріні біз күн сайын Қырғызстанға, Тәжікстанға және Өзбекстанға вагондармен жеткіземіз. Ал Қытайға-бұл бізде алғашқы жеткізу. Болашақта жаңа өткізу нарықтарын игеруге үміттенеміз”, – деп атап өтті кәсіпорынның өнеркәсіптік өндіріс директоры Мадияр Омаров.
Сурет: 24.kz