Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстан Қырғызстандағы жағдайды реттеуге тырысады ма?

5 года назад
Попытается ли Казахстан урегулировать ситуацию в соседнем Кыргызстане?

Қырғыз Республикасындағы жағдай қыза түсуде. Қазақстандықтар бұл елдегі наразылықтарды мұқият қадағалап, көрші халыққа белсене жанашырлық танытуда. Осыған орай, Қазақстан басшылығы дағдарыс жағдайын реттеу үшін Қырғызстанның ішкі істеріне араласа алады деген пікір қалыптасты. Оқиғаның осылай өрбуі мүмкін бе? Осыны түсінуге тырысайық.

Көрші мемлекеттегі жағдай 6 қазанға қараған түні, парламенттік сайлау нәтижелерімен келіспеген қырғызстандықтар Бішкекте митингке шыққан кезде шиеленісе түсті. Наразылық тәртіпсіздіктерге ұласып, наразылық білдірушілер парламент ғимаратына шабуыл жасады, сөйтіп оппозиция билікті басып алды. Үкімет басшысы отставкаға кетті, оның орнына түрмеден босатылған оппозиция жетекшісі Садыр Жапаров келді.

Мен Бішкектегі наразылық , құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қиян-кескі қақтығысқа ұласқан тәртіпсіздік жоспарланғанына және қаржыландырылғанына сенімдімін, өйткені наразылық білдірушілердің көбі сайлауда саяси партиялардың қайсысы жеңгенін де білмеді. Төңкерісті ұйымдастырушылар елордаға әр түрлі аймақтардан келді. Олар ақшасын алды, қаланы қиратты, не үшін бүлік салғанын өздері де білмейді.

Қазақстан көршісінің жағдайын реттеуге тырысады ма? Екіталай. Иә, біз Қырғызстанның ең жақын көршісіміз. Бірақ егер біздің республикамыз белгілі бір тұлғааға арқа сүйеп, оған саяси қолдау көрсететін болса, онда қырғыз халқының оны ұлттық көшбасшы ретінде қабылдап, бәрі тыныштала қалады деу мүмкін емес.

Біз Қырғызстандағы өткен президенттік сайлауда Қазақстан үміткерлердің біріне қолдау көрсеткенін және оның қандай жағымсыз реакция тудырғанын көрдік. Біз көрші болсақ та, белгілі бір өзара жақтырмаушылық бар.

Нұр-Сұлтанда Қырғыз Республикасына жанашырлық танытатын адамдар бар екені түсінікті. Бірақ ешкім бұл туралы ашық айтпайды, өйткені мұндай мәлімдеме 5% қолдау көрсетсе, ол үміткерге қарсы шыққандар санын 95%-ға көбейтеді.

Қырғызстанда барлығы тұрақты өмір сүргенін, соғыспағанын және ереуілге шықпағанын қалайды, онда ел ішінен шыққан тұлға қажет. Сондықтан Қазақстан басшылығының көрші елдің ішкі істеріне араласуы және жағдайды реттеуге ықпал етуі екіталай.

Азаматтық және әскери қақтығыстарды зерттеу орталығының сарапшысы Сұлтанбек Агеев, арнайы «Эхо Казахстана» үшін.

Сурет: livejournal.com

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстанда төтенше жағдай қайталануы мүмкін

Келесі

ХҒС-қа ғарыш кемесі ғарышкерлермен бірге ұшып жетті

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.