Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің республикамыз Қырғызстан мен Тәжікстанға көмек ретінде бес мың тоннадан ұн жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесінің отырысында айтты.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Республикасы бауырлас елдердің азаматтарына жан-жақты көмек көрсетуде, сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға ұн жіберді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз Түркі Кеңесі елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.
Отырыс барысында коронавирустың салдарын еңсеру мәселелері талқыланды, сондай-ақ эпидемияға қарсы күрес үшін түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі елдері қабылдаған шаралар қаралды.
Сурет: Akchabar.kg