ТМД-ға қатысушы елдердің арнайы қызметтері «Арарат-Антитеррор-2019 оқу-жаттығуы» аясында мүмкін болатын лаңкестік қатерді жою үшін бірлескен тактикалық іс-әрекеттерді пысықтауда.
Оқу-жаттығуға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілері қатысуда.
Оқу-жаттығуларды Қазақстан тарапынан ҚР терроризмге қарсы орталығы бөлімшесінің бастығы Асқар Мақашев қадағалады.
«Терроризмнің қандай да бір шегі жоқтығынын ескере отырып, бірлескен іс-шаралар қылмыстық ниеті бар адамдарды ерте анықтауға мүмкіндік береді», – деді Мақашев.
Сценарий бойынша төрт террорист отын-энергетика кешені аумағына кіріп,адамдарды кепілге алды. Арнайы қызмет бөлімшелері жауға қарсылық көрсету қажет болды. Қойылған міндет сәтті орындалды.
«Ең бастысы, біз сценарийлік қадамдарды мүлдем ерекше пайдаландық.Жыл сайын оқу-жаттығуды өткізгенде террористік топтар туралы ақпараттан басқа, содырлардың Отанына оралу және «ұйықтайтын ұяшықтарды» пайдалану мүмкіндіктері туралы алған ақпараттардың алдында жүруге тырысамыз», – деді ТМД лаңкестікке қарсы орталығының жетекшісі Андрей Новиков.