Коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес аумағында кіруге тыйым салу қолданылатын шетел азаматтары мен жүктердің басқа елдерден үшінші мемлекеттерге Қазақстан арқылы транзитіне тыйым салу бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кіруге тыйым салынған елдер Түркіменстан мен Тәжікстан болып табылады.
Дәл осы елдерге біздің мемлекетіміздің аумағы арқылы транзитке тыйым салынды.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан “Айша бибі” және “Қарасу” автокөлік өткізу пункттерінде белгіленген уақытта жүк транзиттік көлік құралдарын қоспағанда, барлық адамдар мен көліктерге тыйым салынды.
Бұл тыйым дипломатиялық және фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне қатысты емес.
Сурет: zen.yandex.ru