Қазақстан билігі Тәжікстан Республикасына кезекті өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетуге ниетті. Мұндай келісім оған қол қойылғаннан кейін екі елдің парламенттерін ратификациялауға бағытталатын болады. Бұл туралы asiaplustj.info ресурсы хабарлайды.
Қазақстан тарапы әскери жүкті Тәжікстан аумағына теміржол көлігі арқылы жеткізеді. Келісімнің тармақтарын орындауға уәкілеттік берілген органдар – екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары.
Біздің еліміз 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Республика үкіметтері арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес Тәжікстанға тұрақты негізде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Соңғы осындай көмек, соның ішінде оқ-дәрілер, инженерлік және медициналық жабдықтар, байланыс құралдары өткен жылы көрсетілді.
Қазақстан Республикасы әскери қуат деңгейі бойынша жаңа рейтингте әлемнің 138 мемлекетінің арасында 62-ші орынға ие болды. Біздің еліміздің қорғаныс бюджеті төрт миллиард долларға бағаланады.
Сурет: asiaplustj.info