Пандемия, карантиндік шектеулер енгізу және санитарлық талаптарды қатаңдату кезеңінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері анықтаған құқық бұзушылықтар саны артты. Денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 3,6 млрд.теңге сомасына айыппұл салу туралы 37 мыңға жуық қаулы шығарылды, оның ішінде құқық бұзушылар 3 млрд. теңге төледі.
“Олардың ішінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 425 — бабы) карантиндік іс-шараларды бұзумен байланысты құқық бұзушылықтар үшін 2020 жылы елде 2,2 млрд.теңге сомасына айыппұл салу туралы 27 мың қаулы шығарылды, оның 1,4 млрд. теңгесі өндірілді”, – деп ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде хабарлады.
Мұндай айыппұлдардың басым бөлігі Түркістан облысында – 5 014, Алматы қаласында – 4 775 және Шығыс Қазақстан облысында-1 831 салынды.
Олардың ең аз саны Маңғыстау – 204, Павлодар – 523 және Жамбыл — 590 облыстарында тіркелген.
Бетперде режимін бұзғаны үшін 15 613 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Алматы — 4 434, Түркістан облысы — 4 009 және Шығыс Қазақстан облысы-1 126.
Карантиндік шаралар мен шектеулер жалғасуда. Осыған байланысты сырқаттанушылықтың өсуін болдырмау үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Сурет: zakon.kz