Henley&Partners халықаралық компаниясы төлқұжаттардың жаңа индексін жариялады, онда Орталық Азия аймағы елдері арасында біздің республика азаматтары шетел мемлекеттеріне визасыз бара алатын көшбасшылық орынға ие болды.
Индекс позициясы туралы айта келе, Қазақстан барша елдер арасында 67-орынға ие болды. Қазақстандықтар 76 шетел мемлекетіне еркін кіре алады. Бірінші орында Жапония, азаматтары визасыз 191 елге бара алады.
Екінші орында Сингапур, олардың азаматтары визасыз 190 елге бара алады. Үшінші орында бірден екі мемлекет орналасты – Германия мен Оңтүстік Корея – 189 ел. Бұл рейтингтің ең соңында Ауғанстан – 26 ел.
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің арасында Балтық жағалауындағы туристерді ең еркін деп атауға болады, себебі Литва азаматтары (10-орын) 181 елге, Латвияға (11-орын) – 180 ел мен Эстония (12-орын) – 179 елге виза ресімдемей бара алады.
Henley&Partners халықаралық консалтингтік компания, оның қызметі азаматтық берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Компания өз рейтингін 2006 жылдан бастап жариялап келеді.
Сурет:In business.kz