Испанияда болған Қазақстанның ондаған студенттері отанына жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан дипломатиялық ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Басым бөлігі студенттер болып табылатын 44 Қазақстан азаматы Испаниядан Минск арқылы транзитпен оралды. Оларды жеткізуді Belavia Белоруссия әуекомпаниясы жүзеге асырды.
Қазақстан СІМ-де Мадридтегі Қазақстан елшілігі мен Барселонадағы консулдық қызметкерлерінің жұмысының арқасында отандастар елге қайтарылғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Мадридтегі Беларуссия елшілігінің және Belavia компаниясының қызметкерлері қазақстандықтарды Отанына жеткізуде маңызды рөл атқарды, өйткені 28 наурызда Барселонадан ұшып шығатын ұшаққа билет сатып алған барлық азаматтардың ұшуын қамтамасыз ету үшін олар неғұрлым ірі ұшақпен қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан дипломаттары жұмысының арқасында бүгінгі таңда Испаниядан елге 150-ден астам отандасымыз қайтып оралғанын атап өтті.