Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Гонконгтағы демонстрация кезінде біздің еліміздің бірде-бір азаматы зардап шекккен жоқ,тек екі адам ғана көмек сұрағанын хабарлады.
«Бір азамат көше арқылы әуежайға жетуге көмек сұрады. Біз оған көмектестік. Екінші азамат Эйр Астананың «Алматы-Гонконг » әуекомпаниясы рейсінің жағдайы туралы телефон арқылы сұрады», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.
Сондай-ақ, ол Гонконгтағы азаматтардың Қазақстанға оралуына ешқандай қиындық жоқ екенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда барлық рейстер ұшуын бастады,бүгінгі күні кесте бойынша ұшуда. Біздің азаматтарымызда ешқандай проблема жоқ», — деді Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда Гонконг тұрғындары қазіргі үкіметке қарсы жаппай наразылық танытты. Бұл үшін адамдарды жаппай ұстау басталды,тіпті митингке ешқандай қатысы жоқ адамдар да ұсталды.
Сурет: sputniknews.kz
 



