Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында республикамыздағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, отырыста комиссия мүшелері Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігі мәселесі талқылады.
Кездесу аясында қатысушылар қазақстандық еңбек және денсаулық сақтау министрліктерінің тиісті халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы туралы баяндамаларымен танысты.
Сонымен қатар, отырыста мемлекетіміздің халықаралық ұйымдарға, әмбебап халықаралық шарттардың атқарушы органдарына міндетті төлемдер мен ерікті жарналар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында комиссия мүшелері GGGI жаһандық жасыл өсім институтына қосылуға қатысты мәселелерге назар аударды.
Сурет: Mfa.gov.kz