25 желтоқсан күні түнгі сағат бір шамасында Тараз шекара отрядының “Сыпатай Батыр” заставасының шекарашылары түнгі көру құралының көмегімен белгісіз адамның мемлекеттік шекара бойымен жүргенін байқаған.
Жасақ тәртіп бұзушыға шабуыл жасап, біраз уақыттан кейін оны ұстады. Ұсталған адамнан жауап алу кезінде, Қырғызстан тарапынан бөлінген қоршауға белгісіз ер адам келіп шекара бұзушыны босатуды сұрай бастады.
Оның сөзі әсер етпегенін түсінген белгісіз азамат, шекарашыларға шағын орама лақтырды.
Шекарашылар рация бойынша бекіністі шақырғанда, белгісіз ер адам Қырғызстан аумағына кетті.
Кинологтар мен иттер зерттеген орамада ақша, әрқайсысының құны бес мың теңгелік бірнеше купюр табылды.
Ұсталған шекара бұзушы 25 жастағы Қырғызстан азаматы.
Сулет: news.mail.ru