Қазақстандық “Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар” журналының бас редакторы Нұрлан Әселқан Байқоңыр ғарыш айлағында “Энергия” зымыран-ғарыш корпорациясы әзірлеген “Союз-5” зымыран-тасығыштары ұшырылатын “Бәйтерек” жаңа зымыран кешенінің құрылысына қатысты өз пікірін білдірді.
Осы жылдың 30 шілдесінде қол қойылған “Бәйтерек” құрылысы туралы келісімге сәйкес, біздің еліміз “Бәйтерек” салынатын “Зенит-М” зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын қаржыландыруға жауапты. Ресей өз кезегінде зымыран тасығышты жасау және Байқоңырға тасымалдауды қаржыландырады.
Жаңа зымыран кешенін салу жобасы туралы айта келе, Нұрлан Аселкан Қазақстанның ғарыш бойынша басты серіктесі Ресеймен қандай да болмасын жақындық оң үрдіс беретінін айтты.
Сонымен қатар, ол біздің республикамызға Ресей Федерациясымен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты сақтау маңызды екенін ерекше атап өтті.
“Қазақстанның басты қызығушылығы – Байқоңырдағы басты әріптесімізбен ынтымақтастық үшін бар мүмкіндіктерді сақтау. Егер бәрі жақсы болса, онда мезгіл-мезгілді ұшып, ғарыш айлағын жұмыс орындарымен және тапсырыстармен қамтамасыз ететін зымыран пайда болады”, – деді Нұрлан Аселкан.
Сондай-ақ, сарапшы Байқоңырда жаңа зымыран кешенінің құрылысына бауырлас елдер қанша қаржы жұсайтынын айтты.
“Алдын ала бейресми сандар бар. Қазақстан жобалық жұмыстарға және жер үсті нысандарының құрылысына шамамен 200 миллион доллар жұмсайды. Ресей тарабы “Союз-5″ орта класты толыққанды зымыран жасауға 1 миллиардқа жуық қаражат шығынданады”, – деді Аселкан.
Сонымен қатар, “Роскосмос” мемлекеттік корпорациясының өкілі Анатолий Красников бұрынырақ жаңа зымыран кешені Қазақстан мен Ресейдің қажеттіліктері үшін ғана емес, коммерциялық мақсаттарда да пайдаланылатын болатынын, бұл белгілі бір уақыт ішінде жобаны өтеуге мүмкіндік беретінін айтқан болатын.
Сурет: camonitor.kz