Елордада “Заңгерлер – әділ сайлау үшін” қоғамдық бірлестігінің баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды “Хабар 24″тілшісі.
Тәуелсіз сарапшылар қорытынды жасап, сайлау процесіне баға берді.Бақылаушылар институтының бұл жұмысының рөлі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында қатысушылар “Сайлау туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы айтты.
Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай: – біздің бағалауымыз бойынша Қазақстан Президентінің сайлауы Конституциялық заңға сәйкес өтті. Қатысушыларға ашық бәсекелестікке жағдай жасалды. Үміткерлердің барлық бағдарламалық құжаттары жарияланып, қол жетімді болды. Сайлау жүйесі тиімді және ашық әрекет етті. Келу нәтижелері үнемі жаңартылып отырды.