Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстан Республикасының Президенті әскери қызметкерлерді марапаттады

6 года назад
Глава Республики Казахстан наградил военнослужащих

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Республика басшысы еліміздің үздік қорғаушыларын марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Алдабергеновке алғысын білдіріп, І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттады. Сондай-ақ, I дәрежелі «Даңқ» орденімен Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Василий Рысбаев салтанатты түрде марапатталды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденіне келетін болсақ, оны Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің бастығы Сәбит Құрманәлиев алды.
Әскери жетістіктері үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бас инспекторы Виктор Балясников, Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов, ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Ринат Көкімбаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 48386 әскери бөлімінің командирі Талғат Құсайынов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков, Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің командирі Жанат Раскулов, Атырау қаласы полиция басқармасы Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстембек Сүндутов, Қарулы күштер әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Нұрболат Топаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 03858 әскери бөлімінің командирі Мейрам Хамзин марапатталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Президент полкінің» аға атқыш маманы Амангелді Хусайновқа және Бас прокуратура қызметі бастығының орынбасары Радимхан Дубаевқа үлкен алғысын білдірді. Олар III дәрежелі «Айбын» орденін алды.
Республика басшысы «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарын табыс етті.

«Ерлігі үшін» медалі ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің солдаты Медет Балабиевке, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ерлан Ибраев, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД № 1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Аянбек Кенжешовке, ҚР Қорғаныс министрлігі 35411 әскери бөлімінің артиллериялық дивизионының механик-жүргізушісі Қуандық Қанатовқа, Қарағанды облысы ТЖД № 1 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Александр Минаевқа тапсырылды.

Ал «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Орталық командалық пункт бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының орталық командалық пунктінің жедел кезекшісі Владимир Абрамов, ҚР ҰҚК басқармасының бастығы Жаслан Жанайдаров, ҚР Қорғаныс министрлігі 35950 әскери бөлімі штабының аға офицері Асхат Мадьяров, ҚР Қорғаныс министрлігі 55652 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының аға ұшқышы Көбеген Мырзатаев, ҚР Қорғаныс министрлігі 35748 әскери бөлімі танк батальонының командирі Асылбек Ұнтақов салтанатты түрде марапатталды.

Сурет: inform.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан ғалымдары өз әріптесін қорғауды сұрайды

Келесі

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы артады

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.