Бүгін, 16 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізді. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесуде Қазақстан Республикасының басшысы Кристин Лагардтың Астана экономикалық форумына қатысқанына алғысын білдірді.
“Нұрсұлтан қаласында Сізді қарсы алуға қуаныштымыз! АЭФ-қа қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстан үшін де пайдалы болады деп сенемін”,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы ынтымақтастықтың негізгі салаларын, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономикалық жүйедегі процестерді талқылады.
Сурет: inform.kz