“Sputnik” ақпараттық агенттігі Қазақстанда екі қаланы жаңа мегаполистерге айналдыру жоспарланып отырғанын хабарлайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумының отырысында мәлімдеді.
“Қазақстан урбанизацияның жалпы әлемдік тренді арнасында дамуда. Халықтың 40% ауылда тұрады. Алайда ауылдықтардың 20% ғана жұмыс істейді. Біздің ірі қалаларымыз өсіп келеді. Еліміздің астанасы 20 жыл ішінде провинциялық қалашықтан 180 мың адам тұратын мегаполиске айналды”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Назарбаев республиканың ірі қаласы Алматы болып қалатынын атап өтті, сондай-ақ өткен жылы Шымкент қаласы миллионды-қала мәртебесіне ие болғанын хабарлады.
“Тағы екі қаланы біз осы деңгейге “тартамыз”, – деді Назарбаев, бірақ нақты қандай қалалар екенін атаған жоқ.
Сурет: Bigmir.net