Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан шетелде тұратын отандастарына мәдениет және спорт саласында қолдау көрсетуді жалғастыратынын хабарлады.
Жақында қол қойылған меморандумда халықаралық және республикалық құрылтайларды өткізу, этникалық қазақтар үшін оқу-әдістемелік құралдар шығару, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен олимпиадалық резерв мектептерінде оқуға квоталар бөлу көзделген.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда Қытай, Моңғолия, Ауғанстан және Түркіменстан тұрғындары білім алуда.
“Тіпті шетелде табысты жұмыс істеп жатқан, бірақ бізге Қазақстанға магистратураға, аспирантураға, докторантураға Еуропада тұрып жатқан отандастарымыздың келуі өте жақсы мысалдар бар. Біз бұл квотаның Қазақстанда оқуға ниет білдірген отандастарымызға қолжетімді болуына мүдделіміз”, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.