Біздің республикамызда Ресей Федерациясымен әскери саладағы ынтымақтастық туралы жаңа шартқа қол қоюды көздейтін құжат әзірленді. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы “Президент жарлығының жобасы туралы” Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді”, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қорғаныс министрлігі әзірленген құжаттың басты мақсаты – қолданыстағы әскери ынтымақтастық туралы шартты жаңарту болып табылатынын айтты. Себебі оның кейбір ережелері жүзеге асырылған.
Осылайша, өзара қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әріптестік пен әскерлерді жоспарлау үшін полигондарды пайдалануға және өзара қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскерлерді қолдануға, еліміздің аумағында уақытша орналасқан әскери құрылымдардың мәртебесіне, әскери жүктерді тасымалдауға қатысты жекелеген халықаралық шарттар жасалды, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия құрылды.
Қорғаныс ведомствосының өкілдері жаңа келісім туралы айта келе, ол біздің ел мен Ресей арасындағы әскери өзара қарым-қатынасты жандандыруға бағытталғанын атап өтті.
Бұған дейін ресейлік “Швабе” холдингі мен “Семей Инжиниринг” компаниясы танктік оптикалық-электрондық аспаптарды Қазақстанға жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойғаны хабарланған болатын. Бұл құжат біздің мемлекетіміз бен Ресейдің әскери ынтымақтастығына қосымша серпін береді деп жоспарлануда.
Сурет: ritmeurasia.org