Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп zakon.kz хабарлайды.
Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірлерде бюджет қаражатының жұмсалуына, көлік магистральдарының құрылысы мен жөндеу сапасына бақылау күшейтіледі, — деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы.
Ол Президент бұл мәселенің шешімін алдағы уақытта да жеке бақылауда ұстауға ниетті екенін атап өтті.