ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылын жариялау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
“Жастарды кешенді қолдау мақсатында қаулы етемін: 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын”, – делінген Жарлық мәтінінде.
Мемлекет басшысы Жарлықтың орындалуын бақылауды өз әкімшілігіне жүктеді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады