Бүгін, 27 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаметовпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Асқар Мырзахметов Қасым-Жамарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу кезеңдері туралы баяндады.
Өз кезегінде ҚР Президенті басты міндет республика азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясатты іске асыру болып табылатынын атап өтті.
“Облыс басшылығынан осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Тоқаев әкімге Жамбыл облысының одан әрі дамуын жақсартуды тапсырды.
Сурет: inform.kz