Мемлекет басшысы сөзін Наурыз мейрамымен құттықтаудан бастады. Ол бұл мереке жаңа өмірдің тууы деп атады, деп хабарлайды nur.kz.
“Елбасының ағымдағы жылдың 19 наурызында қабылдаған шешімі біздің мемлекетіміздің болашағына деген шынайы қамқорлықтан туындады. Мен барша халқымызға Елбасы мен мені осы қиын кезеңде қолдағаны үшін ризамын”, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақ мәдениетінің, тарихы пен руханилығының орталығы болып табылатын Түркістан қаласына жасаған алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алаңдататын бірінші кезектегі мәселелердің қатарында әділеттілік тапшылығын атап өтті.
“Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың міндеті азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл олардың конституциялық міндеті, сонымен қатар азаматтық борыш”, – деді Қазақстан Президенті
Сурет: kapital.kz