Бүгін Қазақстан Республикасының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі вице-премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесті,деп хабарлайды «Қазақпарат» ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чжэннің Қазақстанға сапары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басшысы Хань Чженді «Бір белдеу, бір жол» форумының сәтті өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР Төрағасымен жақында болған кездесуі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтқанын атап өтті.
» Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі — Қытаймен көршілес тату қарым-қатынасты құру. Біздің елдеріміз арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар өзара тиімді және мемлекетаралық өзара нәтижелі әрекеттердің үлгісі болып табылады. Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда әріптесі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі қарқынды өсуде», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде бұл Хань Чжэннің Қазақстан Республикасына алғашқы сапары екенін айтты.
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тұрақты дамып келеді, ел экономикасы өсуде. Біз өзара қарым-қатынастарымыздың дамуына шын жүректен қуаныштымыз», — деді Хань Чжэн.
Естеріңізге сала кетейік, кездесу барысында көлік-логистикалық салаға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Ляньюньган портындағы бірлескен терминалдың және «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портының әлеуетін пайдалану перспективалары туралы мәселе қаралды.
Сурет: Inform.kz




