Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Бішкекке сапары аясында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке оның Қазақстан Президенттігіне ұлықтау рәсімінен кейінгі алғашқы сапары екенін айтты.
«Менің инаугурациямнан кейінгі біздің Бішкекте кездесуіміз — жақсы белгі. Жақында біз Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Қазір біздің міндетіміз — қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды жолға қою», — деді Тоқаев.
Кездесуге қатысушылар алдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті туралы пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында Қырғызстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы президент сайлауындағы сенімді жеңісімен тағы да құттықтады.
Сурет: inform.kz
 
 



