Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Ашхабадқа келді. Бұл туралы ХАА “ҚазАқпарат” ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.
Президент түркімен көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде. ТМД саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту жөнінде өзінің пайымын ұсынады, сондай-ақ Достастық елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын нығайту жөнінде нақты шаралар ұсынады. Ашхабадта ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қою, соның ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына байланысты Достастық елдері мен әлемдік жұртшылық халықтарына үндеу салу жоспарлануда”,-деп жазды Facebook – тегі өзінің бетінде Берік Уәли.