Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы болып Алик Шпекбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын”,-деп мәлімдеді өз жарлығында Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін екі ведомствоға бөлуді тапсырды. Енді бұл мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деп аталды.
Алик Шпекбаев 1957 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол құқық қорғау органдарында қызметін 1980 жылы бастады. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шпекбаев мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.