Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Қазақстан Президенті үш заңға қол қойды

5 года назад
Қазақстан Президенті үш заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Түзетулерге сәйкес, енді қабылданған заңдар тиімділікті бағалайтын болады. Түзетулер заңдарды әзірлеу рәсімдерін жетілдіру, олар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу және заңдарды қабылдау мақсатында әзірленді. Заң жобасын Сенат 18 ақпанда қабылдады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Хаттама ҚР мемлекеттік органдарының функцияларын нақтылауды көздейді, бұл екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына өздерінің жеке және мүліктік құқықтарын қорғау үшін соттарға және басқа да құзыретті органдарға тікелей жүгінуді жеңілдетеді. Сондай-ақ хаттамада ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудегі құзыретін белгілейтін Шарттың 27-бабын алып тастау көзделген, себебі бұл мәселелер алдағы уақытта Бас прокуратураның құзыретіне жатады. Хаттаманы Сенат 25 ақпанда қабылдады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп қосты Ақордада.

Заңның негізгі мақсаты —
сотталған адамдармен алмасуда ынтымақтастықты жетілдіру, мұндай адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын, азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
Шартта сотталған адамды беру, беруші тарап үшін берудің шарттары, сондай-ақ салдары, беру туралы сұрау салудың нысаны мен мазмұны, ақпарат алмасу, сотталған адамның транзиті және сотталған адамды беруге немесе берілгеннен кейін үкімді одан әрі орындауға байланысты туындаған шығыстарға байланысты нормалар және басқалар көзделген.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан-қырғыз шекарасында тағы бір өткізу пункті салынады

Келесі

Қазақстан мен Қырғызстанға барлық келіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік туды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.