Екі мемлекет басшыларының кездесуі салтанатты түрде өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чже Ақордада кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу Президент оркестрінің маршымен сүйемелденді. Корей Республикасының басшысы Қазақстанға жұбайы Пак Чон Химен бірге келді.
Іскери әңгіме басталар алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чже Ин өз елдерінің әнұрандарын тыңдап, келіссөздер жүргізу бөлмесіне барды.
Өз кезегінде, Корея Президенті Қазақстан Республикасының басшысымен кездескен кезде, Кореяның бірінші ханымы Назарбаев Университетіне келуге ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, Мун Чже Ин кеше, 21 сәуір күні Қазақстанның елордасына Нұр-сұлтан келген болатын. Оны әуежайда Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов және Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.