Қасымжомарт Тоқаев астаналық № 68 мектепте болып, оқытуды болашақта цифрландыру ісіне талдау жасады, деп хабарлайды akorda.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы қаланың орта және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағжайы мен даму перспективалары, дарынды балаларға білім беру жағдайлары туралы хабардар болды.
Республика Президентіне мектепке дейінгі ұйымдарға жіберуге, орта білім беретін оқу орындарына қабылдауға және бір мектептен екіншісіне ауыстыруға, оқушылардың жол ақысы мен тамақтануына қатысты жаңа жүйелерді енгізу туралы айтылды. Мұның бәрі онлайн режимде болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев “Шұғыла” Комьюнити орталығы ” мектеп-гимназиясында орналасқан қосымша білім беру орталығының қызметімен танысты. Ол елордалық Оқушылар сарайының филиалы болып табылады. Мұнда 5 дамыту студиясы мен 13 балалар үйірмелері тегін жұмыс істейді.