ҚР Президенті Алматы облысына келді.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те хабарлады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларға қатысу үшін Алматы облысына келді. Қазақстан Президенті — Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы бітімгершілік дайындық оқу орталығының қызметімен танысады, бітімгершілік операцияларды пысықтау жөніндегі оқу — жаттығулардың белсенді кезеңін бақылайды және әскери қызметшілер алдында сөз сөйлейді деп күтілуде, – деп Уәли жазды.
Сурет: zakon.kz