Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Тоқаевтың Павлодар облысына келуі туралы Facebook-те оның баспасөз хатшысы хабарлады.
Сонымен, Мемлекет басшысы әлеуметтік және индустриялық маңызы бар нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысуы тиіс
Президент өңір жұртшылығымен, атап айтқанда педагогтармен, еңбек қауымдастықтарымен және жастар өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Сурет: twitter.com/tokayevkz