Факты истории

Қазақстан Президенті екі өңірдің әкімдеріне тапсырма берді

ҚР Президенті телефон арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен өңірлердің ағымдағы жағдайын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі хабарламасы бойынша, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, су тасқынына қарсы қабылданған іс-шаралар, вакцинация барысы, Аршалы және Целиноград аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қосшы ауылындағы әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бойынша бұрын Президент берген тапсырманың орындалуы туралы есеп берді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, су тасқынына қарсы іс-шаралар, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, «Еңбек» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы баяндады»,-деп жазды Уәли.

Сөйлескеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаев пен Құмар Ақсақаловқа өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Ещё в ленте

Все новости